6В02303 – Шетел филологиясы
Шифр – мамандықтың атауы:
6В02303 – Шетел филологиясы
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2017 жылдың қазан айында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 20.11.2017 бастап 19.11.2022 дейін жарамды, Тіркеу номері АВ1319).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл;
сырттай: 3 жыл, 2,5 жыл.
Берілетін дәреже:
6В02303 – Шетел филологиясы бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
Бакалавр-филолог өзінің кәсіби қызметтерін гуманитарлық бағытта орта салалы және кәсіби оқу орындарында шетел тілі мен әдебиетінің оқытушысы ретінде филологиялық білім беру саласында жүзеге асыра алады. Бакалавр-филолог ғылыми ұйымдарда филолог-зерттеуші қызметін атқара алады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
– басқарушы және орта кәсіби оқу орындары;
– газет пен журналдар редакциясы, радио мен теледидар, баспалар;
– салалы ғылыми ұйымдар, кітапханалар, мәдениет ұйымдары.
Кәсіби қызметінің пәні:
– шетел тілі мен әдебиетінің оқытушысы ретінде филологиялық білім беру;
– филолог-зерттеуші ретінде БАҚ, ғылыми ұйымдарда атқару.
Кәсіби қызметінің түрлері:
5В021000 – Шетел филологиясы мамандығын бітіруші бакалавр төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
– педагогикалық;
– ғылыми-зерттеу;
– ұйымдастырушылық-басқару.
Практика базалары:
«Дарина» лингвоорталығы, «ISMA» оқу орталығы, ЖШС «DreamBuilders», «BEST» оқу орталығы, «Синквейн» оқу орталығы, ЖШС «Международное обучение», «Interlinqua» оқу орталығы.