Факультет тарихы

Факультет тарихы

Шетел тілдері факультеті 1967 жылы Ақтөбе педагогикалық институты филология факультеті жанынан кафедра ретінде құрылды. Кафедраны сол уақытта Дедикова Бетти Владимировна басқарды.  Б.В. Дедиковамен қатар факультеттің алғашқы оқытушылары: Т.А.Аванесова ( Қазан педагогикалық институты, 1966 ж.), Л.Ф.Маглели (Абай атындағы Қазақ ПИ, 1964 ж.), Н.Ф. Зиянбетова (Қарақалпақ шетел тілдері институты,1962 ж.), Л.И.Лаптева (Абай атындағы Қазақ ПИ, 1967 ж.), Ю.Г. Луцева (Абай атындағы Қазақ ПИ, 1964 ж.)

1967 жылы Шетел тілдері кафедрасы құрамынан “Ағылшын тілі” кафедрасы бөлініп шықты. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Петрова Атара Лазеровна  болды. Шетел тілдері кафедрасының оқытушылар құрамын жасақтай отырып, олардың ғылыми-әдістемелік біліктіліктерін сол кездегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында көтеру мәселесі де күн тәртібіне қойылды.

Факультетті  әр жылдары К.А.Якубова, Д.Г.Тишкова, Л.Ф.Кононец, Л.Н.Цикалова,С.Г. Мулдашева, И.И. Жирнова, Г.К.Кушкарова,С.К.Искиндирова, К.Б.Коптлеуова, А.Б.Баядилова-Алтыбаева басқарды.

Факультет  бакалавриат  бойынша 3  білім беру бағдарламасымен мамандар даярлайды:

  • 6В020700 – Аударма ісі
  • 6В021000 – Шетел филологиясы (ағылшын тілі)
  • 6В01706 – Шетел тілі: екі шетел тілі

6В020700 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасын  бітірген түлектер төмендегі салаларда қызмет ете алады:

  • әкімшілік-басқару;
  • білім беру мен ғылым;
  • мәдениет пен халықаралық қарым-қатынас;
  • халықаралық байланыс;
  • бұқаралық ақпарат құралдары;
  • ақпараттық-сараптамалық қызмет.

Түлектер кәсіби қызметтерін мәдениет бөлімі, халықаралық ұйымдар, әртүрлі ақпараттық-сараптамалық қызметтер, елшіліктер мен өкілеттіктер, министрлік, туризм, баспа агенттіктері, аударма бюросы және басқа ұйымдар мен кәсіпорындарда атқара алады.

6В021000 – «Шетел филологиясы (ағылшын тілі)» білім беру бағдарламасын бітірген түлектер төмендегі салаларда қызмет ете алады:

Бакалавр-филолог өз кәсіби қызметтерін гуманитарлық бағытта орта салалы және кәсіби оқу орындарында шетел тілі мен әдебиетінің оқытушысы ретінде филологиялық білім беру саласында жүзеге асыра алады.

Түлектер кәсіби қызметтерін орта білім беру оқу орындары – гимназиялар мен лицейлер, бастауыш және орта кәсіби оқу орындарында, газет-журналдар, радио және теледидар, баспа редакцияларында, салалы ғылыми ұйымдар, кітапханалар, мәдениет ұйымдарында атқара алады.

6В01706 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығын бітірген түлектер төмендегі  қызметтерді атқара алады:

  • бастауыш, орта және салалы сыныптарда шетел тілдерін оқыту. Шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын мектептерде (басқа пәндерді шетел тілінде оқытумен бірге) білім үрдісін ұйымдастыру;
  • шетел тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды өткізу;
  • тәрбие жұмысын шетел тілі құралдарымен жүзеге асыру;
  • мектептің толықтай педагогикалық үрдісі жүйесінде тәрбие және педагогикалық қызмет;
  • педагогикалық кәсіби біліктілігін арттыру, жаңа ақпараттық технологияларды  игеру.

Түлектер кәсіби қызметтерін бастауыш, орта және салалы мектептерде, мамандандырылған мектептерде, орта техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында атқара алады.

Факультет келесі  оқу бағдарламалары  бойынша магистратура мамандарын даярлайды:

  • 6М021000 – Шетел филологиясы
  • 7M01706 – Шетел тілі: екі шет тілі

6М021000 – «Шетел филологиясы» мамандығын бітірген түлектер төмендегі салаларда қызмет ете алады:

  • ғылыми-ұйымдастырушылық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • ғылыми-педагогикалық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • редакция және баспа;
  • мәдени және ұйымдық;
  • бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызмет және т.б.

Магистратура түлектерінің кәсіби қызмет нысандары университеттер мен ғылыми ұйымдар, мәдениет мекемелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, редакция және баспалар болып табылады.

Факультет 1 мамандық бойынша докторантура  мамандарын даярлайды:

  • 6D02303 – Шетел филологиясы

Факультет құрылымына 3 кафедра кіреді:

  • Шетел филологиясы және аударма ісі (кафедра меңгерушісі – PhD докторы, доцент Э.Т.Буранкулова);
  • Ағылшын және неміс тілдері (кафедра меңгерушісі – магистр, А.Ж.Жумаханова);
  • Әлем тілдері кафедрасы (кафедра меңгерушісі -аға оқытушы А.А. Байжанова)