6В01706 – Шетел тілі: екі шетел тілі
Шифр – мамандықтың атауы:
6В01706 – Шетел тілі: екі шетел тілі
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2017 жылдың қазан айында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 20.11.2017 бастап 19.11.2022 дейін жарамды, Тіркеу номері АВ1390).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл;
сырттай: 3 жыл; 2 жыл.
Берілетін дәреже:
6В01706 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
6В01706 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бакалавриатты бітіруші мамандар өзінің кәсіби қызметін шет тілінде білім беру аясында кәсіби орта және орта білімнен кейінгі білім беру саласында жеке тұлғалардың шет тілдік дамуында жүзеге асырады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
6В01706 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бакалавриатты бітіруші түлектер үздіксіз білім беретін және бір бағытта шет тілдік білім беретін оқу ұйымдары бар: бастауыш, негізгі және бейіндік мектеп, арнайы мектеп.
Кәсіби қызметінің пәні:
– оқу процесін базалық негізгі шетел тілі бойынша ұйымдастыру;
– оқу процесін арнайы тілдік мақсаттар үшін ұйымдастыру;
– оқу процесін академиялық тілдік мақсаттар үшін ұйымдастыру;
– оқу процесін екінші шетел тілі бойынша ұйымдастыру.
Кәсіби қызметінің түрлері:
6В01706 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығын бітіруші бакалавр төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
– білім беретін (педагогикалық);
– эксперименттік- зерттеу;
– ұйымдастырушылық-басқару;
– әлеуметтік-педагогикалық;
– оқу-тәрбиелік;
– оқу-технологиялық.
Практика базалары:
Барлық қала және облыс мектептері №21, №51, №35, №30, №39, №31, №25, №27.