Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы – Жетістіктер

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуыы


Жетістіктер

Ағылшын тілінен республикалық пәндік олимпиадаға белсене қатысқан  студенттердің жетістіктері (Алматы қ., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті):

  • 2018-2019 оқу жылы  – Алғыс хат (З.Құдайбергенова).
  • 2017-2018 оқу жылы – 3 орын (Бақытжан С.)
  • 2016-2017 оқу жылы  –  3 орын (М.Аркпаева, Г.Молдашева).
  • 2015-2016 оқу жылы – 3 орын (Нагметова А.)
  • 2015-2016 оқу жылы  – Алғыс хат (А.Айнабекова).

Ғылыми апталық аясында студенттер ағылшын тілінен өтетін олимпиадаларға белсенді қатысады. Сонымен қатар, студенттер өздерінің ғылыми әлеуетін «Тілдер әлемі және мәдениетаралық қарым-қатынас», «Жастар және ғылым: бүгіні мен ертеңі», «Жастар және ғылым: елдің индустриалды-инновациалық дамуы» сынды студенттік ғылыми-практикалық конференцияларда көрсетеді және қатысқандары үшін жүлделі орындар мен сертификаттарға ие болып жүр.

Кафедра халықаралық қарым-қатынас орнату мәселесіне ден қояды. Халықаралық қарым-қатынас ең алдымен әдістемелік семинарларды кафедра бойынша және халықаралық білім берудегі Британдық Кеңес сынды халықаралық білім беру орталықтарында ұйымдастыруда көрініс табады. Осылайша кафедра қызметінің басымдық бағыты іске асады, яғни оқытушылардың педагогикалық шеберлігін, біліктілігін арттыру, оқу пәндерін оқытудың сапасын арттыру. Жыл сайын кафедра оқытушылары халықаралық сертификаттарды иеленуде. Кафедра тілдік, әдістемелік және лингвоелтанушылық даярлықты көтеру үшін университет негізінде халықаралық семинарлар, жыл сайын Британдық Кеңес және Maсmillan баспасымен біріге семинарлар өткізеді.

2022 жылдың 1 шілдесінен бастап кафедрада AH/T008075/1 -“Қазақстан тарихы оқулықтарындағы гендер, тіл және әлеуметтік теңсіздіктер”ғылыми – зерттеу жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны PEERNetwork және ulsteruniversity қауымдастығы (Солтүстік Ирландия, Ұлыбритания) қаржыландырады. Ғылыми жетекшісі – Бекжанова Жазира Ерқұлатқызы, PhD, оқытушы-зерттеуші, шетел филологиясы және аударма ісі  кафедрасының доценті. Зерттеу орта мектептерге арналған Қазақстан тарихы оқулықтарындағы гендерлік және әлеуметтік әділеттілік пен инклюзивтілікті анықтауға бағытталған.

2022 жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін оқытушы-зерттеуші, шетел филологиясы және аударма дела кафедрасының доценті, Phd Бекжанова Жазира Ерболатқызы Токат Газиосманпаша университетінде (Түркия) шақырылған дәріскер ретінде “Дискурсология” пәні бойынша дәрістер курсын оқып, Токат өңірінің оқытушылары мен мұғалімдеріне арналған мастер-класс өткізді. Сапар қорытындысы бойынша университеттің шетел филологиясы және аударма ісі  кафедрасының базасында бірлескен білім беру траекториясын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шетел филологиясы және аударма ісі   кафедрасында Токат Газиосманпаша университетімен (Түркия) ағылшын тілін оқытудың арнайы бағытталған әдістері бойынша бірлескен білім беру траекториясы іске қосылды. Осы траектория шеңберінде “Ағылшын тілі және информатика” ББ 1 курс бакалавриат студенттеріне арналған “Лингвистика” курсын ассистент-профессор, Токат университетінің ағылшын тілін оқыту департаментінің басшысы доктор Угур Ада оқиды.

Биылғы 2022-2023 оқу жылында “Шетел филологиясы және аударма ісі” кафедрасының оқытушылары Кущанова А.Н. және Жетесова Ж.А. 8D02304-Филология мамандығы бойынша докторантураға мемлекеттік грант негізінде оқуға түсті.

Бітіруші кафедралардың оқытушылары университеттің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға өз үлестерін қосуда. Мысалы, қаржы-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және университеттің қаржы ресурстарын инвестициялаудың тиімді тәсілдерін анықтау үшін оқытушылар гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысады. Шетел филологиясы және аударма дела кафедрасының оқытушысы, доцент Б. Т. Керімбаева, аға оқытушы Д. Д. Сапарғалиева ҚР БҒМ 2022-2024 жылдарға арналған гранттық жобасын жеңіп алды. “Болашақ мұғалімнің желілік коммуникативтік мәдениеті – жасоспірімнің сандық сауаттылығын қалиптастырудың кілті”; PhD докторы Ж.Е. Бекжанова PEER Network “Gender, language and social inequalities in Kazakhstani textbooks ” халықаралық жобасында зерттеулермен айналысады  (қараша 2021- қараша 2022, Ұлыбритания, ОАР). PhD Жазира Бекжанованың зерттеу жобасы Ұлыбританияның Ulster University компаниясынан қаржыландырылды. “Қазақстан тарихы оқулықтарындағы Гендерлік, тілдік және әлеуметтік теңсіздіктер” зерттеу жобасы Political Economy of Education Research (PEER) network қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылуда https://www.instagram.com/p/CfJY_V-I5LP/?igshid=MDJmNzVkMjY. Қазіргі уақытта РhD, доцент Керімбаева Б.Т. АҚШ-тағы Вашингтон университетінде (The George Washington University) “Болашақ” бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуде.

Шетел филологиясы және аударма кафед кафедрасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Кафедра студенттері Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.  2018 -2019 жж. жоғары оқу орындары арасында ағылшын тілі пәнінен Республикалық пәндік олимпиадада Аударма ісі ББ студенттері 3-ші орындарға ие болды . 5В020100-Шетел филологиясы  ББ 4-курс студенті Бақытжан Салтанат ағылшын тілінен Республикалық пәндік олимпиадада 3-орынды иемденді.

2018 жылы Ғылым апталығы аясында 5В021000 – Шетел филологиясы ББ 1 курс студенті- Насумов Нұржан “Ғылым қайнары” жобасы бойынша 2-орынға ие болды, сондай-ақ 5В021000 – Шетел филологиясы ББ 1-2 курс студенттері “Project day және Кемел кәсіпкер” жобасына қатысып, жазғы лагерьге жолдамамен сертификаттар алды (Мырзалы Қамшат, Кульманова Сәуле, Нұржан Насумов, Жандаулет Зиядинов).

Студенттер республикалық, халықаралық конференцияларға белсенді қатысады және мақалалар жариялайды. 5В021000-Шетел филологиясы мамандығының 1-3 курс студенттері өздерінің ғылыми мақалаларын шетелдегі халықаралық конференцияларда жариялады. Қатысқаны үшін сертификаттар алды. 2018 жылғы 18 мамырда Ресейдің Чебоксары қаласында өткен “Жоғары мектепте шет тілін оқытудың өзекті мәселелері” атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда 34 мақала жарияланды. Сонымен қатар, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ “Қазіргі әлемдегі көптілділік” атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтіп студенттер мн магистранттар бірқатар мақалаларын жариялаған.

Аударма ісі ББ 4-курс студенті М. Арқпаева Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен Республикалық студенттік олимпиадада 3-орынға ие болды.

5В021000-Шетел филологиясы ББ 1-4 курс студенттері бизнес және әлеуметтік жобалармен Старт-ап жобасына қатысты. Факультетішілік кезеңнен 4 студент өтті. Келесі студенттер Сегізбаева Аружан, Нағамадинова Аяжан, Сабыр Лаура, Мырзалы Қамшат “Өнімді жеткізу сайты”, Зиядинов Жандаулет, Насумов Нұржан “Әйгілі қазақ зиялылары мен ескерткіштеріне Штрих-кодты (QR-код) орнату”, Ғабдуалиева Әйгерім, Артықбай Таңшолпан мемлекеттік журналистік лицейі мен Орталығының ашылуы, Бужигитова Алтыншаш, Кенжалина Роза “Mobilelibrary”(мобильді қосымшаны жасау) өз жобаларын факультетте қорғап, ЖОО ішіндегі кезеңге жолдама алды.

2017-2018 оқу жылында 5В0214000-шетелдік филология ББ  4 курс студенті Ұзақбай Ақнұр ғылыми жобалар конкурсында 3-орын алды (ҚР БҒМ, 2018ж, сәуір, ғылыми жетекшісі магистр, аға оқытушы Буранкулова  Э.Т, тақырыбы – “Бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін фразеологиялық бірліктерді қолдану”).

2019 жылы 6В02302 – Шетел филологиясысы ББ 2-курс студенті Айтбаева Арина “Білім өркениеті” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған “Жастар Қазақстанның болашағы үшін ” республикалық конференциясына қатысып, “Үздік студент 2019” төсбелгісімен және “Жас Қыран” Алғыс хатымен марапатталды, сонымен қатар Республикалық талантты жастар кітап жинағына кірді.

2022-2023 оқу жылының 1 жартыжылдығында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Сакария университетінде Мевлана (Түркия) бағдарламасы бойынша келесі студенттерді оқыту жоспарлануда:

  1. Казбекова Береке, ББ 6В02302 – Шетел филологиясысы;
  2. 2. БулековаАружан, ББ 6В02302 – Шетел филологиясысы;
  3. Таңбаева Айдана, ББ 6В02302 – Шетел филологиясысы;

Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келесі университеттерде (9 студент) оқыту жоспарлануда: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақстандық Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қызылорда мемлекеттік университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, КИМЭП, СДУ.

2022 жылы қараша айында ұйымдастырылған халықаралық стандарттағы HSK, HSKK қытай тілі емтиханында филология факультеті аударма-ісі мамандығының қытай тілі траекториясы бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 4-курс студенттері белсене қатысқан болатын. Үздіксіз қытай тілі курсы мен онлайн емтиханға дайындық сабақтарының нәтижесінде, 9 студентіміз халықаралық емтиханнан сәті өтіп, стандартталған сертификатқа ие болды.

Сертификат иегерлері мамыр айынан бастап жүргізілетін ҚХР ЖОО білім гранттарының конкурсына толық қатысуға мүмкіндіктері бар. Екі жақты келіссөздер мен конкурс құжаттарын дайындауда, Конфуций Институты қолдау білдіретін болады.

Жетістіктеріңіз құтты болсын!

Жұбанов университеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті, оқытушы-зерттеуші, PhD Бекжанова Жазира халықаралық беделге ие, Британдық Кеңес жыл сайын өткізетін UK Alumni Awards (Ұлыбритания түлектерінің марапатының) ұлттық деңгейдегі финалисті атанды. Марапаттау рәсімі 2023 жылдың 28 ақпанында Астана қаласында, Қазақстандағы Ұлыбритания елшісінің резиденциясында өтті. Қадірменді қонақтар болып шараға қатысқан – Ұлыбритания премьер-министрінің сауда бойынша Қазақстанға елшісі баронесса Эмма Николсон, Мәртебелі Корольдың Қазақстандағы елшісі Кэти Лич, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстандағы Британдық Кеңестің директоры Эрик Лори қатысты.

UK Alumni Awards әлем бойынша британдық жоғары орындарын бітірген және өз елдерін дамытуға ерекше ат салысып, үздік жетістіктер көрсетіп жүрген түлектерді марапаттайды. Әлемде 100-ден астам елдерде өткізіледі. Бекжанова Жазира – Ланкастер Университетінің (Ұлыбритания) түлегі, «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты. Ол соңғы жылдары Қазақстандағы білім беру саласындағы гендерлік теңдікті және әлеуметтік әділдікті күшейту бағытында елеулі еңбек етіп келе жатыр. Британдық Кеңес оның жұмысына «Әлеуметтік қызмет» категориясы бойынша (Social Action Award) жоғары баға берген.

Оқытушымызды құттықтап, жұмысында табыс және сәттілік тілейміз!

Мерекелік құттықтау!

Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және жан-жақты дамуына қолдау көрсету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Оқу ордасы Жұбанов университетінде аруларымызды даму мен жаңғырудың маңызды қозғаушы күші ретінде қолдау жалғасып келеді. Бүгінгі көктем мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда өз үлесін қосып жүрген бір топ ғалымдарға Басқарма төрағасы-Ректор Қарабасова Лаура Чапаевнаның құрмет хаты және мерекелік гүл шоқтары табыс етілді. Филология факультеті ұжымы атынан марапатталушыларды құттықтаймыз!

Университетімізде халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертте, университетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін, Университеттің Басқарма төрағасы-Ректордың алғыс хатымен филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы, магистр, аға куратор Тажигулова Айгүл Қайратқызы марапатталды. Марапатқа лайық әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз. Оқу-әдістемелік жолында тек биіктерден көріне беріңіз!

Coursera әлемдік білім беру платформасы жүйесінде білім алу біздің университетте қолжетімді.

Еліміздің жоғары оқу орындарының білім алушылары Coursera әлемдік білім беру платформасы жүйесінде білімін шыңдап жатыр.

Жобаны “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қолдауымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асырып отыр.
Білім алушыларға арналған бұл курстар бағдарламалау және цифрландыру, математика, физика, маркетинг және тағы да басқа өзекті салаларды қамтиды. Тек осы аталған мамандықтар қана емес, сонымен қатар педагогикалық және гуманитарлық тілдік бағыттағы білім бағадарламалары да қатыса алатын үлкен мүмкіндік. Басым курстардың тізіміне АҚШ, Еуропа және Азияның жетекші жоғары оқу орындарының бағдарламалары кіреді.

Coursera әлемнің жетекші университеттері мен технологиялық алпауыттарын біріктіріп тұрған дүниедегі ең үлкен білім ұйымы. Жыл сайын платформа арқылы әлемнің 200 елінен 100 миллион адам білім нәрімен сусындайды. Мұнда 2500-ден астам курстар, жүздеген мамандықтар және 40 миллион оқушысына ұсынылатын төрт ғылыми дәреже бар. Сонымен қатар, смартфонға арналған қосымшасы да белсенді түрде жұмыс істейді. Курстардың басым көпшілігі Гарвард, Пенсильвания, Вирджиния және Мичиган университетінің білікті ұстаздарының қатысуымен жене профессорларының қолдауымен жасақталған.

Coursera платформасы оқу барысындағы олқылықтарды толтыруға және дипломдық бағдарламаларды еңбек нарығымен тікелей байланыстыруға көмектеседі. Сонымен қатар, студенттерге мансаптық мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде Жұбанов университетінің басшылығы жоғарыда аталған курстарды оқу үдерісіне енгізу мүмкіндігін қарастырды. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «6В02302-Аударма ісі», «6В02303-Шетел филологиясы» және «6В01707-Ағылшын тілі және информатика» ББ бойынша 2-3 курс білім алушылары Communication in the 21st Century Workplace, High-Impact Business Writing, Think Again IV: How to Avoid Fallacies, The Art of Negotiation аталған курстан өтіп жатыр. «6В02302-Аударма ісі» ББ білім алушылары толық курстан өтіп сертификатқа ие болды. Ұйымдастырушы және жауапты пән оқытушылары Садыкова С.А., Бостекова А.Р., Фурман О.В. алғыс білдіреміз. «6В02303-Шетел филологиясы» және «6В01707-Ағылшын тілі және информатика» ББ білім алушылары курсты ссәуір айынан дейін жалғастыруда. Білім алушыларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз.

“Determining successful criteria by Bloom’s Taxonomy” тақырыбындағы семинар”Determining successful criteria by Bloom’s Taxonomy” тақырыбындағы семинар   Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні кафедра филиалы Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Шетел тілі» оқу-әдістемелік бірлестігінің «Өзін-өзі жетілдірудегі тұлғаны дамытатын коммуникативті оқу танымдық құзіреттіліктер» онкүндігі аясында ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Алиева Гульжан мен Еспанова Карлыгаш Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойына орай «Блум таксономиясы бойынша табыс критерийлерін анықтау» тақырыбында ағылшын тілінде оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырды.Семинарға Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушылары, колледж оқытушылары, ағылшын тілі пәнінің оқытушылары және Ақтөбе гуманитарлық колледжінде өндірістік практикадан өтіп жатқан «6В02303 – Шетел филологиясы» мамандығының бітіруші студенттері қатысты. Аталған іс-шараға Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, магистр Буранкулова Эльмира Темирбаевна мен оқытушы Ольга Викторовна Фурман өз тәжірибелерімен бөлісіп мастер-класс өткізді.           Гульжан Алкамбаевна мен Карлыгаш Алдабергеновна бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жеткізуді ұсынған Американдық ғалым Бенджамин Блум таксономиясы сыни тұрғысынан ойлаудың ойланудағы маңызы және ойлаудың алты қадамы туралы теориялық түсінік берсе, Эльмира Темирбаевна мен аға оқытушы Ольга Викторовна жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салатын, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерді талдай білу, өзіне сын көзбен қарайтын практикалық тапсырмалар орындап, іс- тәжірибелерімен алмасты.         Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастыруға арналған семинар өте қызықты өтті.Семинар соңында қатысушыларға Алғыс хат пен сертификат табысталды.

Ғылым айы аясында Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы 2023 жылғы 20 сәуірде «Ең үздік үйірме» және «Жыл зерттеуші студенті» ғылыми үйірмесінің байқауын өткізді. Байқаудың басты мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын ынталандыру және арттыру, студенттер арасында зерттеу қызметіне тереңдетілген қызығушылықты қалыптастыру және олардың шығармашылық және зияткерлік дамуы үшін жағдайларды жақсарту.

Байқаудың мақсаты –  үздік студенттік ғылыми үйірмені анықтау және студент-зерттеушілерді қолдау. Байқауға   6В02302 – Аударма ісі ББ, 6В 01707 – Ағылшын тілі және информатика ББ,  6В02303 – Шетел филологиясы ББ 1-4 курс студенттері  қатысты.

2022-2023 оқу жылындағы үздік студенттік ғылыми үйірмеге байқау қорытындысы шығарылды. Байқау комиссиясының құрамына кафедра доценттері Г.К. Кушкарова, Г.А. Ержанова кірді.

Студенттік ғылыми үйірме негізінде конкурс номинациялары мен балдық баға бекітілді.

Ең үздік үйірме – «The world of future teachers» (ғылыми жетекшісі аға оқытушы, магистр Акчамбаева Ш.Т.).

1 орын – Аязбаева Наргиз,  Әбдіқаппарқызы Тұрсынай

2 орын – Убайдулла Турсынгул, Ахметова Арайгуль

3 орын – Кожамуратова Нұргүл Сурікқызы, Базарханов Мейірлан, Кенесханова  Аружан, Үсентай Арайлым.

Дарынды студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Филология факультетінің 6В01707-Ағылшын тілі және информатика, 6В02302-Аударма ісі, 6В02303-Шетел филологиясы ББ 2-4 курс студенттері Абутали Мәулен, Амантаева Әсем, Мұхамбеталина Арайлым, Жұбатырова Аружан, Ілияс Әсем 2023 жылғы 20-21 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Барлық турлардың қорытындысы бойынша Әбутәлі Мәулен 2 орын алды, Мұхамбеталина Арайлым алғыс хатпен марапатталды. Студенттерді шын жүректен құттықтаймыз және одан да үлкен жетістіктерге жетуді тілейміз. Ғылыми жетекшілері Буранкулова Э.Т., Абдигалиева Ж.С., Толегенова Г.Ғ.-на алғыс білдіреміз.

 

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы