Аударма ісі кафедрасы – Кафедра тарихы

Аударма ісі кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

«Аударма ісі» кафедрасы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жаңа кафедраларының бірі. Ол 1996 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті кезінде құрылған.  1996 жылы шетел тілдер факультеті «Аударма ісі» мамандығы бойынша алғашқы студенттерін қабылдаса, 2001 жылы «Аударма ісі» мамандығы бойынша студенттерді даярлайтын кафедраның негізі қаланды. «Аударма ісі» кафедрасын 1996 жылдан бастап 2010 жылға дейін Сибагатова Айгүл Асанғалиқызы басқарды. 2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін кафедраны ф.ғ.к., доцент Аязбаева Әлия Маратқызы басқарды. Қазіргі таңда кафедра меңгерушісінің міндетін аға оқытушысы Кузясова Алтынай Муратовна атқаруда. Кафедраның негізі қаланған күннен бастап аудармашылар даярлануда. Кафедра Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, Британдық Кеңес, Ағылшын тілі мұғалімдерінің ассоциациясымен тығыз байланыста.

«Аударма ісі» кафедрасы мамандарды қазақ және орыс бөлімдерінде бакалавриат 5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша даярлауда.

5В020700 – «Аударма ісі» мамандығын бітірген түлектер төмендегі салаларда қызмет ете алады:

  • әкімшілік-басқару;
  • білім беру мен ғылым;
  • мәдениет пен халықаралық қарым-қатынас;
  • халықаралық байланыс;
  • бұқаралық ақпарат құралдары;
  • ақпараттық-сараптамалық қызмет.

Түлектер кәсіби қызметтерін мәдениет бөлімі, халықаралық ұйымдар, әртүрлі ақпараттық-сараптамалық қызметтер, елшіліктер мен өкілеттіктер, министрліктер, туризм, баспа агенттіктері, аударма бюросы және басқа ұйымдар мен кәсіпорындарда атқара алады.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы