Аударма ісі кафедрасы – Жетістіктер

Аударма ісі кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

Кафедраның интеллектуалдық потенциалы: 2 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы, 5 оқытушының 4-і гуманитарлық ғылымдар магистрі.

К.Б.Коптлеуова 2012 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінен «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң 50 жылдық мерейтойына орай факультетіміздің профессор-оқытушы құрамы қала және облыс әкімінің құрмет грамоталары мен мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Студенттер жыл сайын халықаралық ғылыми байқаулар, студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Үш жыл қатарынан біздің студенттер республикалық пән олимпиадаларына қатысып, келесі жүлделі орындарға ие болды: С. Байтұрсынова – ІІ дәрежелі диплом (2015 ж.), А.Нағметова – ІІІ дәрежелі диплом (2016 ж.), Г.Молдашева – ІІІ дәрежелі диплом (2017 ж.). Ғылыми апталық аясында студенттер ағылшын тілінен өтетін олимпиадаларға белсенді қатысады. Сонымен қатар, студенттер өздерінің ғылыми әлеуетін «Тілдер әлемі және мәдениетаралық қарым-қатынас», «Жастар және ғылым: бүгіні мен ертеңі», «Жастар және ғылым: елдің индустриалды-инновациалық дамуы» сынды студенттік ғылыми-практикалық конференцияларда көрсетеді және қатысқандары үшін жүлделі орындар мен сертификаттарға ие болып жүр.

«Аударма ісі» кафедрасы халықаралық қарым-қатынас орнату мәселесіне ден қояды. Халықаралық қарым-қатынас ең алдымен әдістемелік семинарларды кафедра бойынша және халықаралық білім берудегі Британдық Кеңес сынды халықаралық білім беру орталықтарында ұйымдастыруда көрініс табады. Осылайша кафедра қызметінің басымдық бағыты іске асады, яғни оқытушылардың педагогикалық шеберлігін, біліктілігін арттыру, оқу пәндерін оқытудың сапасын арттыру. Жыл сайын кафедра оқытушылары халықаралық сертификаттарды иеленуде. Кафедра тілдік, әдістемелік және лингвоелтанушылық даярлықты көтеру үшін университет негізінде халықаралық семинарлар, жыл сайын Британдық Кеңес және Maсmillan баспасымен біріге семинарлар өткізеді. М.Килибаева студенттердің халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қыркүйектен бастап мамыр айына дейін Қытай Халық Республикасының Синьцзян қаржы-экономикалық университетінде (2014-2015 жж.), ал А.Почтарева қыркүйек пен маусым айлары аралығында Ченду қаласындағы Сычуан педагогикалық университетінде (2015-2016 жж.) білім алды. 2 курс студенті К.Қанатбаева Рексем қаласында (Уэльс) 2016-2017 оқу жылының қазан айынан бастап қаңтар айына дейін Глиндвр Университетінде білім алды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы